Alageum Electric кәсіпорындары су тасқынынан зардап шеккендерге 100 млн астам теңге жіберді

18 апреля 2024 года

Сәуір айының басынан бастап Alageum Electric Компаниялар тобының кәсіпорындары ауқымды су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде жалпы сомасы 102 млн теңге бөлді. Оның ішінде 75 млн теңгесін Топ кәсіпорындары "Демеу Қазақстан қоры" корпоративтік қорына, 10 млн теңгесін "Сүйікті Қостанай" ҚҚ-на, 7 млн теңгесін БҚО "Ақжайық" өңірлік жеке қорына аударды, сондай-ақ Петропавл қаласына 10 млн теңге баламалы сомада ПЭТЗ зауытының жаңа трансформаторлар берілді.  

Қазіргі уақытта Alageum Electric кәсіпорындары өңірлерде автокрандарды, тиегіштерді, экскаваторлар мен самосвалдарды қоса алғанда техникамен, сондай-ақ волонтерлік көмекпен барлық көмек көрсетіп жатыр. Қиын жағдайға тап болған барлық отандастарына жанашырлық таныта отырып, Компаниялар тобының қызметкерлері бір күндік жалақыны "Демеу Қазақстан қоры" қорына аударды.

Фото: Alageum Electric

"Біз су тасқыны қаупіне қарсы тұру үшін күш біріктірген барлық қызметтерге, сондай-ақ Орал, Петропавл және Ақмола облысындағы қызметкерлерімізге алғысымызды білдіреміз. ПЭТЗ және УТЗ инженерлері қалаларды қорғауға жергілікті билік органдарымен және ТЖ қызметтерімен бірлесіп, бөгеттер салуға қатысты. Біздің қызметкерлер кәсіпқойлық пен батылдық танытып қана қоймай, әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін және ел тағдырына бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті", - деп атап өтті Alageum Electric КТ директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов.

Alageum Electric электротехникалық холдингінде 4,5 мың астам адам еңбек етеді. Топтың ірі кәсіпорындары - Кентау трансформатор зауыты, Asia Trafo, Орал трансформатор зауыты, Петропавл электротехникалық зауыты, "Электромонтаж" және басқа да кәсіпорындар. Alageum Electric Тобы бар өңірлердегі ірі салық төлеуші және жұмыс беруші бола отырып, жергілікті электр жабдықтары өндірісін дамытуға және энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді. Әлеуметтік жауапты компания ретінде холдинг ғылымды, білім беруді, экологияны дамытуды, жамбы ату мен арқан тартыс  ұлттық спорт түрлері мен қазақ тілі дамыту қорларын белсенді қаржыландырады.

Естеріңізге сала кетейік, бөлінген қаржы қаражаты мен жабдықтар зардап шеккен өңірлердің инфрақұрылымын қалпына келтіруге, үйлер салуға және отандастарымызға өзге де көмек көрсетуге жұмсалады.

Анықтама

Alageum Electric  Компаниялар тобы  - Қазақстанның электр машина жасау саласындағы көшбасшысы.  Топ электротехникалық салада, электр машина жасау мен құрылыста табысты жұмыс істейтін 14-тен астам ірі кәсіпорындарды біріктіреді, олардың  ішінде Кентау трансформатор зауыты, Asia Trafo, Орал трансформатор зауыты, Петропавл электротехникалық зауыты, "Электромонтаж" АҚ және т. б. Компанияның өнімдері отандық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді, ішкі нарықта сатылады және ТМД елдерге экспортталады .

Следите за нашим Telegram - каналом, чтобы не пропустить самое актуальное
Подпишись прямо сейчас
Подписка на самые интересные новости из мира бизнеса
Подписаться
© Все права защищены - LS — ИНФОРМАЦИОННОЕ АГЕНТСТВО    Условия использования материалов
Наше издание предоставляет возможность всем участникам рынка высказать свое мнение по процессам, происходящим, как в экономике, так и на финансовом рынке.