Қаңтар-қараша айларында Қазақстанға $49,8 млн теңгеге 117,7 мың тонна алма импортталған, деп хабарлайды LS тілшісі.
Ең үлкен көлем Польшадан келді. Бұл ел Қазақстанға $32,6 млн.теңгеге 78,2 мың тонна алма, екінші орында- Өзбекстан. Оңтүстіктегі көрші ел $11,8 млн.-ға 27,4 мың тонна жеміс берді. Үшінші орын- Қытайда, бұл ел 11 айда $2,5 млн-ға 5 мың тонна алма сатқан.
Әзірбайжаннан 4,9 мың тонна тауар келсе, Ираннан 1,1 мың тонна, Бельгиядан 153,4 тонна, Молдовадан 136,7 тонна, Тәжікстаннан 132,5 тонна әкелінген.
Сонымен қатар, Грузия мен Франциядан да алмалар жеткізілді.
Материал мен инфографиканыбасқа БАҚ-нақайта басып шығаруға тыйым салынған.