2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында елден шығуға тіркелгендердің саны 12,8 мың адам болды, деп хабарлайды LS статистика комитетіне сілтеме жасап.
2017 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырсақ мигранттардың саны 17,3% өскен.
Қазақстанға 5,3 мың адам қоныс аударды, бұл көрсеткіш 2017 жылға қарағанда 25,6% азайды. Сонымен қатар алғашқы бес айда елге келгендерге қарағанда елден кеткендердің саны 2,4 есе көбейді.
Көші-қон сальдосы теріс көрсеткіш көрсетті -7,5 мың адам.
Қазақстан мен ТМД елдерінің арасында ең қарқынды көші-қон алмасу деңгейі тіркелді. ТМД мемлекеттерінен келгендердің үлесі 77,3% (4,1 мың адам) болса, дәл осы елдерге қоныс аударғандардың үлесі 88,8% (11,4 мың адам).
Алғашқы бес айдың ішінде басқа елдерден келген мигранттардың саны 1,2 мың, ал елден кеткендердің саны 1,4 мың адам болды.