Түркістан облысында жерді мемлекет мұқтажы үшін алуға 8 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы LS-ке облыстық жер қатынастары басқармасынан хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, Түркістанда учаскелер иеліктен алынды.
"2019 жылы қалада 8,18 млрд теңгеге 271,7 га жер учаскелері мен басқа да жылжымайтын мүлік алынды", - деп қосты мемлекеттік мекемеде.
Өткен жылдың қорытындылары бойынша бағалау кезінде жүзден бірінің орташа құны 481,2 мың теңгені құраған. Сонымен бірге, ағымдағы жылы сатып алуға арналған жер көлемі анықталуда. Сондай-ақ, осы мақсаттарға қанша қаражат бөлінетіні қарастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында 2018-2019 жылдары мемлекет мұқтажы үшін 1,1 млрд теңгеден астам 16 га жер, ал Қостанай облысында – 46,8 млн теңгеге, Қызылорда облысында – 18,2 млн теңгеге сатып алынған. Өз кезегінде Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы жерлерді иеліктен шығаруға 2 млрд теңгеден астам, Атырау облысында – 1,82 млн теңге, Нұр-Сұлтанда – 10,8 млрд теңге, БҚО-да – 4,8 млн теңге бағытталған.